News Agency:новости
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі #171Akam Madar Asan#187 компаниясы туралы төмендегі ақпаратты хабарлайды.
/
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі  «Akam Madar Asan» компаниясы туралы төмендегі ақпаратты хабарлайды. Компанияның  шығаратын өнімдері: A - су мен сұйықтықтарға арналған смарт- сандық ультрадыбыстық су шығынын өлшегіш (цифровой расходомер/счетчик), патенті тіркелген; тұтынуды жедел бақылау және абоненттер туралы ақпаратты басқару; су, май, бензин және т.б. кез келген сұйықтыққа арналған түріне, тұрғын үй мен өнеркәсіптік нысандар үшін тапсырыс беруге болады; орнатылуы оңай, екі жылға кепілдік беріледі және сатып алынғаннан кейін он жыл қызмет көрсетіледі; тұтыну ақпаратын Modbus - Mbus - GSM форматымен интернет платформаларында жіберу мүмкіндігі бар; абоненттердің тұтынуын бақылауға арналған «Абнамо» бірегей бағдарламалық жасақтамасы бар; Бағдарламалық жасақтама арқылы қашықтан басқарылатын автоматты ажыратқышты (электромагнитті клапанды) орнату мүмкіндігі. Б- Крандар және смарт кран түрлендіргіші (смесители и смарт- преобразователь смесителей): түрлендіргіште клапандарды басқаруға арналған екі сенсор бар; орнатудың оңай болуы және қолайлы бағамен пайдалану; ластанудың таралуын азайту үшін артық тұтынуды болдырмау; кеңселер мен ұйымдарда қолдану және өнімді экспорттау үшін. Айта кетерлігі, өнімнің соңғы дайын бағасының еуропалық үлгілерден 80% дейін төмен болуына байланысты, компания өнімді өндіруге, экспорттауға және сатылғаннан кейін толық қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар. Қосымша ақпаратты acammadar.ir сайтынан, @acammadar инстаграм парақшасынан немесе +989123853463  ұялы телефоны арқылы  алуға болады.more information   Сейед Мохаммад Хосейни Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, экономикалық мәселелер бөліміне жауапты
© 2019 - economy@mfa.ir