Иран Ислам Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің қарулы күштердің #Сионист_регимге қарсы қорғаныс операцияларына қатысты мәлімдемесі
қарсы қорғаныс операциясына қатысты мәлімдемесі
Иран Ислам Республикасының Қарулы Күштері Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабында көрсетілген заңды қорғаныс құқығын жүзеге асыру және сионистік режимнің басқыншылық әрекеттеріне соның ішінде Иран Ислам Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына шабуыл жасауына және Иран Ислам Республикасы Үкіметінің ресми қонағы болған #Хамас қозғалысының саяси кеңсесі басшысының Теһранда шәһид етуіне сондай-ақ #Ливан #Хезболласының Бас хатшысы мен еліміздің Бейруттегі жоғарғы әскери кеңесшісі Сардар #Нилфурошанды шәһид етуге жауап ретінде 2024 жылғы 1 қазан сейсенбі күні кешке осы режимнің әскери және қауіпсіздік нысандары мен құрылыстарына қарсы кешенді зымырандық шабуыл жасады.
Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қарулы Күштердің сионистік режимге қарсы қорғаныс операциясына қатысты мәлімдемесі
Иран Ислам Республикасының Қарулы Күштері, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабында көрсетілген заңды қорғаныс құқығын жүзеге асыру және сионистік режимнің басқыншылық әрекеттеріне, соның ішінде Иран Ислам Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына шабуыл жасауына және Иран Ислам Республикасы Үкіметінің ресми қонағы болған #Хамас қозғалысының саяси кеңсесі басшысының Теһранда шәһид етуіне, сондай-ақ #Ливан #Хезболласының Бас хатшысы мен еліміздің Бейруттегі жоғарғы әскери кеңесшісі Сардар #Нилфурошанды шәһид етуге жауап ретінде, 2024 жылғы 1 қазан сейсенбі күні кешке осы режимнің әскери және қауіпсіздік нысандары мен құрылыстарына қарсы кешенді зымырандық шабуыл жасады.
Иран Ислам Республикасының ұзақ уақыт бойы сабырлық сақтағаннан кейін заңды қорғаныс құқығын қолдануы, сионистік апартеидтік режимінің Палестина халқына қарсы заңсыз және геноцидтік әрекеттері сондай-ақ осы режимнің Ливан мен Сирияға қарсы қайта-қайта іскери басқыншылықтары жалғасып отырған кезіндегі, Иранның аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты ұстанымын көрсетеді.
Әрдайым жазықсыз бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылым нысандарын басқыншылық пен өлтірудің заңды нысанасына алып отырған сионистік режимге керісінше, Иран Ислам Республикасы исламдық жоғары моральдық негіздер мен тағылымдарға негізделіп және халықаралық гуманитарлық құқықтар негізін толық орындай отырып, бұл режимнің тек әскери және қауіпсіздік нысандарын ғана қорғаныстық зымырандық нысанаға алды.
Иран Ислам Республикасы басқыншы режимнің қолдаушылары мен қаржылай және қару-жарақ қамтамасыз етушілерінің сионистік режим басшыларының ақылсыз әрекеттерін тоқтатудағы жауапкершіліктерін қуаттап, үшінші тараптардың кез келген араласуына қатысты ескерту жасай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен басқыншы Израиль режимі тарапынан аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қоқан-лоққының жалғасуына жол бермеу үшін шұғыл әрі мәнді шара қолдануды сұрады.
Қажет болған жағдайда Иран Ислам Республикасы өзінің заңды мүдделерін қорғау және Иранның территориялық және егемендігін кез келген әскери басқыншылық пен заңсыз күш қолданудан қорғау үшін көбірек қорғаныс шараларын қабылдауға толық дайын және бұл тұрғыда ешқандай күмәні жоқ.