1 April 2025
2025/02/13 - 14:56
View 91

«IRAN EXPO 2025»

«IRAN EXPO 2025»

Иран Ислам Республикасының экспорттық әлеуеттеріне арналған «IRAN EXPO 2025» 7-ші көрмесі

2025 жылғы 28 сәуірден 2 мамырға дейін Тегеран Халықаралық көрмелер кешенінде Иран Ислам Республикасының экспорттық әлеуеттеріне арналған «IRAN EXPO 2025» 7-ші көрмесі өткізілетін болады. Белгілі ирандық компаниялар мен брендтердің қатысуымен өтетін бұл көрме шетелдік кәсіпкерлер үшін көріп, қабілеттермен, жетістіктермен және өнімдермен танысу үшін қолайлы мұрсат болмақ. Бұл көрме келесі алты салада өткізіледі:

-азық-түлкі, ауыл шаруашылғы, балық шаруашылығы; өнеркәсіп, қол кілемі, қолөнер және туризм; дәрі-дәрмек, медициналық техника, зертханалық құрал-жабдықтар және химиялық өнімдер; құрылыс өнеркәсібі және инженерлік-техникалық қызметтер; мүнай химиясы.

2024 жылғы «IRAN EXPO» көрмесіне әлемнің 92 мемлекетінен 2400 шетелдік кәсіпкер мен лауазымды тұлғалар қатысқан болатын.

Көрменің ұйымдастырушылары шетелдік лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге 4 түн мен 5 күнге қонақ үйдегі жатын орын, толық тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), ішкі трансфер, аудармашылық қызметін ұсынатын болады. Қызығушылық танытқандар http://www.iranexpo.co/2025/vr көрменің арнайы сайты арқылы тіркелулеріне болады.

Толығырақ ақпаратпен www.iranexpo.co сайты, info@iranexpo.co электрондық поштасы арқылы танысуға болады.

«IRAN EXPO» көрмесінің жауапты сарапшысы +989126220049 ұялы нөмірі (ватсап қосылағн).

Елшіліктің Сауда атташесі +77789434765 ұялы нөмірі.

More info!

 

 

Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Экономикалық бөлімі

متن دیدگاه
نظرات کاربران
تاکنون نظری ثبت نشده است