22 November 2024
2024/04/14 - 17:53
View 282

Иран өкілінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жазған хаты

Бұл шабуыл Иран Ислам Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабында нақты көрсетілген өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру мақсатында және израильдік режимнің бірнеше реттік әскери агрессиясына әсіресе Жарғының 2-бабы 4 тармағына мүлдем қайшы келетін әрекет - режимнің 2024 жылғы 1 сәуірдегі әскери шабуылына жауап ретінде жүзеге асырылды.

Аса Қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Израиль режимінің Сирия Араб Республикасының астанасы Дамаскідегі Иран Ислам Республикасының дипломатиялық нысандарына қарулы шабуыл жасап, нәтижесінде жеті ирандық әскери кеңесшінің шәһид болуынан кейін Иран Ислам Республикасының 2024 жылдың 13 сәуірінде кешке Израиль режимінің әскери нысандарына қарсы бірқатар әскери соққы жасағанын хабарлаймыз.

Бұл әрекет Иран Ислам Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабында тікелей көрсетілген өзін-өзі қорғауға деген ажырамас құқығын жүзеге асыру аясында және Израиль режимінің бірнеше реттік әскери агрессиясына, атап айтқанда, Жарғының 2-бабы 4-тармағына толығымен қайшы келетін, режимнің 2024 жылғы 1 сәуірдегі әскери шабуылына жауап ретінде жасалды. Өкінішке орай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жауапкершілігін орындай алмады және Израиль режимінің қызыл сызықтан өтіп, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын бұзуына жол берді. Мұндай құқық бұзушылықтар аймақтағы шиеленісті күшейтіп, аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірді.

Иран Ислам Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының жауапты мүшелерінің бірі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және халықаралық құқықта белгіленген мақсаттар мен қағидаттарды ұстанады және аймақтағы шиеленісті немесе қақтығыстарды өршітуге ұмтылмайтындығы туралы өзінің берік ұстанымын атап көрсетеді.

Иран Ислам Республикасы Израиль режимінің кез-келген әскери арандатушылықтарына қарсы ескерту жасай отырып, қорғану үшін мызғымай тұратынын, өз халқына, ұлттық қауіпсіздігіне, ұлттық мүддесіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы жасалатын агрессия мен кез-келген қауіп-қатерге халықаралық құқыққа сәйкес батыл түрде жауап беретінін атап өтеді.

Иран Ислам Республикасы қажет болған жағдайда, ойланбастан

өзінің заңды қорғану құқығын жүзеге асырады. Егер Израиль режимі қайтадан қандай да бір соғыс қимылдарын жасайтын болса, Иранның берер жауабы бұдан да күштірек болатыны сөзсіз.

Осы хаттың Қауіпсіздік Кеңесінің құжаты ретінде тіркеліп, таратылуы сұралады.

Өз құрметімізді тағы да білдіреміз.

متن دیدگاه
نظرات کاربران
تاکنون نظری ثبت نشده است