22 November 2024
2024/08/08 - 18:16
View 84

Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Атқару комитеті Сыртқы істер министрлерінің кезектен т

/

 

АсаҚамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын

 

Құрметті Төраға,

Бауырлар мен қарындастар,

Ассалаумағалейкум уа рахматоллахи уа барокатух

Ең алдымен, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүшелерінің Иран Ислам Республикасы мен Палестина Үкіметінің осы отырысты өткізу туралы өтінішіне келіскендері үшін және осы Ұйымның құрметті Бас хатшысы мен оның әріптестеріне осы отырысты тиісті ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді.

Сондай-ақ, көптеген елдердің сионистік режимнің Теһрандағы лаңкестік әрекетін айыптау әрекетіне, сондай-ақ ислам үмбетінің осы қылмысқа қатысты жиіркенішін жариялағаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Құрметті Төраға,

Сионистік режим өткен он ай ішінде Газа мен осы исламдық өлкенің басқа аймақтарындағы Палестина халқына қарсы адамзат тарихындағы ең қатыгез және жексұрын қылмыстар жасады. Осы режимді бірқатар батыс державаларының, әсіресе Америка Құрама Штаттарының жан-жақты және кең қолдауының арқасында, Біріккен Ұлттар Ұйымы да Палестиналық бейбіт тұрғындарға қарсы бұрын-соңды болмаған қырғындар мен қиратуларды тоқтату үшін ешқандай шара қолдана алмады.

Иран Ислам Республикасы Үкіметінің ресми шақыруы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Пезешкиан мырзаның инаугурация рәсіміне қатысу үшін Тегеранда болған Палестина Үкіметінң бұрынғы Премьер-Министрі және Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) Саяси кеңсесінің басшысы қажымас муджахид - шәһид Исмаил Ханиені шәхид етуі, Израиль режимінің аймақ пен оның сыртындағы лаңкестік қылмыстарының бір мысалы ғана.

Бұл қылмыстар, Құдсты басып алушы режимнің болмысы лаңкестікке, қылмысқа, басқыншылыққа, бейбітшілікті бұзуға, аймақта тынышсыздық пен тұрақсыздық тудыруға, соғыс ашу мен геноцидке негізделгендігін тағы дәлелдеді.

Осы жексұрын лаңкестік әрекет - Иран Ислам Республикасының ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын айқын бұзу, аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке күрделіі қатер және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын күрделі бұзу болып табылады.

Осы себепті, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың басты жауапкершілігі жүктелген Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі осындай ауыр бұзушылық пен сұмдық қылмыстарға қатысты өз жауапкершілігін орындауы керек және осы қылмыстар мен бұзушылықтарды жасағаны үшін Израиль режимін жауапты деп танып, қылмыстарды бұйырушылар мен орындаушыларын жасаупқа тартуға жағдай жасауы тиіс.

Сонымен бірге, оның келісімі мен барлау қолдауынсыз жасалуы мүмкінсіз осы сұмдық қылмысты жасаудағы Израиль режимінің басты қолдаушысы ретінде АҚШ-тың жауапкершілігін де назардан тыс қалдыруға болмайды.

Біз, басып алушы Израиль режимінің аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бұзақылықтарының күрделі кері салдары туралы талай ескерткен болатынбыз және бұл режимнің Иран Ислам Республикасының азаматтарына, мүдделері мен ұлттық егемендігіне қарсы талай қастық әрекеттеріне қарамастан, әрқашан аймақта шиеленіс пен қақтығыстардың жайылуын болдырмауға барынша күш салып келді.

Израиль режимінің Дамасктегі Иран Ислам Республикасының дипломатиялық нысандарына жасаған қорқақ лаңкестік шабуылынан кейін біз Қауіпсіздік Кеңесінен осы режимнің заңсыз әрекеттері туралы дереу хабарлап, бұл Кеңестен осы қылмыстық және лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, мұндай қылмыстар мен бұзушылықтардың қайталануын болдырмау үшін қажетті шаралар қолдануын талап еттік.

Дегенмен, АҚШ бұл шабуылды айыптайтын ұстаным білдірмеді, сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы өз міндетін орындауына кедергі жасады, сондай-ақ Кеңестің Израиль режимінің айуандық әрекетін айыптайтын құр баспасөз мәлімдемесін жариялауына да жол бермей, осылайша дипломатиялық жолдарды жауып тастады. Осындай жағдайда, Иран Ислам Республикасы  заңды өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланып, аталмыш режимге қарсы тиісті және сәйкес шара қолданды.

Қазіргі уақытта Қауіпсіздік Кеңесінің Израиль режимінің басқыншылықтары мен бұзушылығына қарсы тиісті әрекеті болмағандықтан, Иран Ислам Республикасында осы режимнің басқыншылықтарына қатысты заңды қорғаныс құқығын пайдаланудан басқа таңдауы жоқ. Мұндай әрекет осы режимнің Иран Ислам Республикасының егемендігіне, азаматтары мен аумағына одан әрі қол сұғуына жол бермеу үшін қажетті болып табылады және тиісті уақытта және пропорционалды түрде жүзеге асырылатын болады.

Құрметті Төраға,

Израиль режимінің Палестина халқына қарсы аумақты және қорқынышты қылмыстары, сондай-ақ аймақтағы Ливан, Йемен және Сирия сияқты басқа елдерге де қарсы  шабуылдары жасалып жатқанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы ауыр сынақ алдында тұр.

Ұйымның осы жағдайға жауап ретінде әрекеттері жан-жақты, шешуші және Палестина халқы мен жеріне және Ислам үмбетінің ұжымдық мүдделеріне қарсы осы қауіпті үрдістің алдын алу үшін, Ислам үмбетіндегі артып келе жатқан талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Кез келген шараны қабылдағанда Ислам Ынтымақтастық Ұйымы құрылуындағы Палестина мақсатының орталық рөлі, Құдысты басып алушы режимінің Палестина халқы мен жеріне қарсы қылмыстарының жүйелілігі, қатаңдығы мен ауқымы, сондай-ақ әлемнің азатшыл және мұсылман халықтарының осы қылмыстарға қарсы наразылықтарының ауқымдығы мен қатаңдығы ескерілуі тиіс.

Осыған орай, ИЫҰ Палестина мақсатын табанды түрде қолдайтынын тағы жариялап, аймақтағы қазіргі дағдарысты шешудің жалғыз жолы оның түпкі себептерін, яғни Палестинаны заңсыз басып алу және ондаған жылдар бойы жалғасқан осы жердің халқына қарсы жасалған зұлымдықты шешпей, басып алуды жоймай және олардың барлық құқықтарын әсіресе таңдырын анықтап және барлық жерде Құдыстың астаналығымен Палестина мемлекетін құру құқықтарын қайтармай, мүмкін еместігін батыл түрде атап өтуі тиіс.

Оккупацияға қарсы барлық құралдарды пайдалана отырып қарсыласу, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ондаған резолюцияларында расталып, атап өтілген қарулы күрес - шетелдік оккупацияға ұшыраған әрбір халықтың табиғи құқығы екендігі, сондықтан Палестина халқы, соның ішінде палестиналық қарсыласу топтары да мұндай құқыққа толық ие екендігі баса айтылуы тиіс.

Ислам елдері Израиль режимінің бүкіл басып алынған Палестина жерлеріндегі, әсіресе Газадағы саясаттары мен әрекеттері - басқыншылықтың, басып алудың, апартеидтің, адам құқықтарын жүйелі, кең түрде және қасақана бұзу мен соғыс қылмыстарының, адамзатқа қарсы қылмыстар мен геноцидтің айқын және теріске шығаруға болмайтын үлгісі екенін тағыда жариялауы керек.

Осы орайда, сионизмнің нәсілшілдікпен тең екендігі идеясын жаңғырту күрделі маңызға ие және күн тәртібіне қойылуы тиіс.

ҰЫҰ тағы да Израиль режимінің Газадағы геноцидінің тоқтатылуын, атыстың дереу, толық, тұрақты және шартсыз тоқтатылуын, оның барлық басып алынған аумақтардан, әсіресе Газадан дереу, толық және сөзсіз шығуын және Газа қоршауын толық және әрдайымға алып тастауын, Палестина халқына, әсіресе Газаға жедел, жеткілікті және тұрақты көмектер жеткізу үшін барлық құрлық, әуе және теңіз жолдарын ашуды, инфрақұрылымды жылдам және толық қалпына келтіруге жағдай жасауды қамтамасыз етуді, сонымен қатар Палестина халқына, нысандарына және жеріне келтірілген зардаптарға толық өтемақы төленуін талап етуі тиіс.

Қауіпсіздік Кеңестен, сионистік режимге Газадағы геноцидті тоқтату туралы халықаралық сот шығарған міндетті уақытша бұйрықтарын орындау үшін қысым жасау туралы өтініші тағы да назарға алынуы қажет.

Осы орайда, Израиль режимінің Палестинаны жаулап алуының салдары туралы Халықаралық соттың 2024 жылғы 19 шілдедегі консультациялық дауысының маңыздылығы баса айтылып, ИЫҰ-ның Нью-Йорк пен Женевадағы тұрақты өкілдіктері БҰҰ-ның әсіресе БҰҰ-ның Бас ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі және Адам құқығы кеңесі сынды барлық мүмкіндіктерін аумақты және әсерлі пайдалануға және аталмыш дауысты Палестина мақсаты үшін қолдануға міндетті.

Сондай-ақ, ИЫҰ Құдсты жаулап алушы режимінің аймақ елдерінің ұлттық егемендігі мен жер тұтастығын өрескел бұзуын тағы да қатаң түрде айыптап, осы режимнің агрессиясынан заңды қорғаныс құқығын табанды түрде қолдайтынын жариялауы керек.

Құрметті Төраға,

Сөз соңында, сионистік режимнің нәсілшіл басшыларының бірі мүлдем ұят ұстанымында тіпті Газада миллиондаған палестиналықтарды аштыққа ұшыратып өлтіруді адамгершілік деп айтқан жағдайда, осындай ауыр жағдайда Палестина халқын қолдауда шынайы ынтымақтастық пен іс жүзіндегі әрекеттің қаншалықты маңызды және шұғыл екендігін атап өткім келеді.

Бұл бір адами, исламдық және ахлақтық парыз екені даусыз. Бүгін Ислам үмбеті, әсіресе Газада жаулау мен бомбалау астындағы палестиналық әйелдер мен балалар, және 40 мыңға жуық палестиналық шәһидтердің рухтары бізге қарап отыр. Біз бұл маңызды міндетті атқаруда жауапкершілікпен және батыл әрекет етуіміз керек.

Иран Ислам Республикасы да Палестина халқының барлық құқықтарын жүзеге асыруды табанды түрде қолдаудағы әдеттегі принципті ұстанымдарына сәйкес осы адами және исламдық парызды орындауда ИЫҰ және оның мүшелерімен ынтымақтастыққа дайын.

Иран Ислам Республикасы толық шешім - оккупацияны толығымен жою, барлық палестиналық босқындарды қайтару және Палестинаның негізгі тұрғындарының қатысуымен референдум өткізу және Құдыс астаналығымен Палестина мемлекетін құру деп біледі.

Уассалаумағалейкум уа рахматоллахи уа барокатух

 

متن دیدگاه
نظرات کاربران
تاکنون نظری ثبت نشده است